Қырғызстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери парад Ала-Тоо алаңында ұйымдастырылды.
Биылғы жылғы парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметкер мен 120-дан астам әскери техника, оның ішінде С-300 және С-125 кешендері қатысуда.
Шара алдында осы елдің әскери қызметкерлері туралы қысқаметражды фильм көрсетілді. Сюжеттің басында қырғыз халқының Екінші дүниежүзілік соғыс майданындағы ерлігін айғақтайтын шағын эпизод ұсынылды.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров парадқа дейін Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қырғызстанда Жеңіс күніне арналған парад 9 мамырда өтеді. Алайда биыл Садыр Жапаровтың Мәскеуге сапарына байланысты парад 8 мамырға ауыстырылды.



















