Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Астанаға ресми сапармен келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қырғызстан Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлімдеді.
Садыр Жапаров Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысады.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің басшылары қатысады деп күтілуде.
Сапар аясында Садыр Жапаров Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының саммитінде көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ, өңірлік өзара іс-қимылдың перспективалық жоспарлары талқыланады.




















