Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Мұхаммед Бағери Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағери Теһранда Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде екі ел қарым-қатынасын нығайтудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы сөзінде екі ел басшыларының шешіміне сәйкес, Иран мен Ресей қарым-қатынасы даму үстінде екендігін және бұл қатынас қазіргі жағдайда жаңа көлемге ие болғанын атап өтті.
Сонымен қатар кездесу барысында Мұхаммед Бағери екі ел арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық құжаты дайындалып жатқанын хабарлады.
Генерал-майор Бағери екі елдің әскери-қорғаныс саласындағы байланыс деңгейін жоғарылату мақсатында келесі жылдың ақпан айында Ресеймен ортақ әскери жаттығу өтетінін айтты.
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы сондай-ақ аймақтық қайшылықтарды, соның ішінде Әзірбайжан мен Армения арасындағы қайшылықтарды шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу де кездесуде Иран үкіметінің өзін жылы қабылдағанына алғыс айтып, осы сапардың мақсатын қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамыту деп мәлімдеп, екі ел арасында бірлесе оқу-жаттығу өткізіп, университет деңгейінде студенттермен алмасу қажеттігін айтты.
Еске сала кетсек, сейсенбі күні Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағеридің ресми шақыруымен Иранға мемлекеттік сапармен барды.



















