Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян Иран шенеуніктерімен, соның ішінде генерал Али Акбар Ахмадианмен кездесу мақсатында кеше, жексенбі күні Теһранға келді.
Мехр агенттігінің хабарлауынша, Армен Григорян өзінің ирандық әріптесі Али Акбар Ахмадианмен екіжақты қарым-қатынас және Оңтүстік Кавказдағы соңғы өзгерістер туралы пікір алмасады.
Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы сапар барысында бірқатар ирандық шенеуніктермен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар өңірдегі соңғы оқиғаларды және екіжақты қатынастарды, әсіресе экономика және инфрақұрылым саласындағы мәселелерді талқылайды.



















