Иранның Мемлекеттік авиация ұйымының басшысы Мұхаммад Мохаммадибахш Иранның Армения мен Әзірбайжанға рейстерін қайта бастағанын хабарлады.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша Мұхаммад Мохаммадибахш: «Соғыс қимылдарының басталғаны туралы хабарламалар пайда болған кезде біз ұшуға тыйым салдық. Атысты тоқтату режимі белгілі болды, сондықтан кейбір рейстерге ұшуға рұқсат берілді», — деді.
Бұған дейін Иран осы аймақтың ерекше жағдайларына байланысты және авиация ұйымының NOTAM (ұшу экипажына ескерту) талаптарына сәйкес Армения мен Әзірбайжанға барлық рейстерді тоқтатқанын хабарлаған.

















