Тәжікстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшісі Илхом Абдурахмон Әзірбайжан Республикасының Экспортты және инвестицияларды ынталандыру агенттігінің (AZPROMO) басшысы Юсиф Абдуллаевпен кездесу өткізді.
Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша тараптар 2023 жылғы 25 қыркүйектегі кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйін және оларды дамыту перспективаларын талқылады.
Әңгімелесушілер екі ел арасындағы экономика және сауда, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, жаңа технологияларды дамыту және алюминий экспорты салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін нақты шаралар әзірлеу қажеттігін атап өтті.

















