Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Сауд Арабиясы спортқа неліктен миллиардтаған доллар жұмсап жатыр?

  • Сараптама
  • 4 октября, 2023 16:35

Loading

Бүгінде Роналду, Джошуа, Микельсон тәрізді спорт жұлдыздары арабиялық монархияның мұнайға тәуелді экономикасын өзгерту жоспарының бір бөлігіне айналды.

Әлемде мұнай экспорттаудан көш бастап тұрған Сауд Арабиясы өзге бір ұмтылыста жеңіске жетуден үмітті. Оның ендігі арманы – ең танымал спорт түрлерін бағындыру.

Қазір бұл корольдік өз экономикасын мұнайға тәуелділіктен арылтып, әртараптандыруға күш салып жатыр және де Сауд Арабиясы қазба отын мен тапталған адам құқығын еске салатын (былтыр 200 адам өлім жазасына кесілген) имиджін «жуып-шайып», ойын-сауыққа миллиардтаған доллар инвестиция құя бастады.

Тақырыпқа орай:

Хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

14.11.2026

Басты назар футболға ауғанымен, ел үкіметі спорттың өзге түрлеріне де көңіл бөліп отыр. Гольф, крикет, баскетбол… Сауд Арабиясы осының бәрімен халықаралық аренада жарқырауға бар.

Ал ақысы төленсе, спорт дүниесі арабиялық монархияның бұл амбицияларын қанағаттандыруға дап-дайын.

Мұндай өзгеріс, әсіресе, жастарға қажет. Саудия тұрғындарының 70 пайызы — 35-ке дейінгі қыз-жігіттер. Олар да басқа елдердегі замандастары тәрізді қызықты тамашалап, шикізат өндірісінен бөлек ойын-сауық салаларында жұмыс істеуді қалайды.

Зерттеулерге қарағанда, спорт АҚШ, Франция, Германия сияқты елдердің жалпы ішкі өнімінің 2-3 пайызын қамтамасыз етіп келеді. Сауд Арабиясы да бұл саладан пайда көруден үмітті.

«Егер спорт Сауд Арабиясының экономикасын көтеретін болса, онда мен онымен айналысуды жалғастырамын. Біздің ЖІӨ спорттан 1%-ға өсті, ендігі жоспар — 1,5%-ға даму. Оған да қол жеткіземіз- дейді Мұхаммед бин Салман Американың Fox News телекомпаниясына берген сұхбатында.

Елдің іс жүзіндегі басшысы — 37 жастағы ханзадасының ойынша, спортқа инвестиция салу экономиканы әртараптандыруға ғана емес, сонымен қатар елге туристерді тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестиция әкелуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ спорт жас ұрпақты сау әрі сергек етеді деп санайды.

Британияның Guardian газетінің есебінше, саудиялықтар 2021 жылдың басынан бері спортқа қатысты жобаларға 6 миллиард доллар жұмсаған екен.

Биыл маусымда US PGA Tour Сауд Арабиясы қаржыландыратын LIV Golf компаниясымен бірігетінін жариялап, жанкүйерлерді төбесінен жай түскендей күйге бөледі. Өйткені екі ұйымдастырушы бұрын бір-бірімен бәсекелесіп, талай рет араздасты. Оған ойыншыларды өз жағына тарту, монополияға ұмтылыс, трансляция құқығы тәрізді мәселелер себепші. Енді бұндай тайталасқа жол жоқ.

2021 жылы қазанда Сауд Арабиясы «Ньюкасл Юнайтед» клубын сатып алған консорциумға жетекшілік ете бастады. Осылайша, бұл корольдік құнды саналатын Ағылшын премьер-лигасына өтіп, оны бақылап отыр.

Содан кейін Криштиану Роналду 200 млн доллар жалақы үшін саудиялық «Әл-Наср» клубына ауысуға келісім берді.

Бұл- Сауд Арабиясы үшін футболдағы салмақтыларды жайлаудың басы ғана еді. Ал маусым айында Мадрид «Реалының» капитаны Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубына қосылды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл клубпен «Челсидің» жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте де келісім шартқа қол қоюға шақ қалған. Сонымен қатар, Лионель Мессимен екі жылға 1 миллиард долларға келісім жасалады деген қауесет тарады.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы 2030 жылы Мысырмен, Грекиямен бірігіп, футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті.

Боксинг әлемінде өзін таныту үшін Сауд Арабиясы алдағы қыста Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа, Александр Усик және Деонтей Уайлдердің қатысуымен мега-ақша тігілетін үлкен турнир өткізбекші. Бұл шараны қаржыландыруға 250 млн доллар жұмсалуы мүмкін. Оның үстіне Сауд Арабиясы қазір әйелдер боксына да көңіл бөліп отыр.

2022 жылдың желтоқсанында Сауд Арабиясы ұлттық баскетбол қауымдастығы (НБА) ұлттық әл-ауқат қорларына, зейнетақы қорларына және қайырымдылық қорларына баскетбол командаларының үлестерін сатып алуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Сауд Арабиясы гипер табысты Үндістан Премьер-Лигасының (IPL) қатарында жаңа әрі байырақ Twenty20 крикет турнирін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Саудия оған Вират Кохли мен Рохит Шарма сияқты жұлдызды крикетшілердің қатысуын қалайды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Сауд Арабиясының өкілдері осы идея бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін Үндістанның крикетті бақылау кеңесінің шенеуніктерімен кездесу өткізген.

Сауд Арабиясы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізуге өткен жылдың қазан айында таңдалды. Шөл далада орын тепкен ел бұл спорттық шараны футуристік Неом қаласында салынатын қысқы спорт кешенінде ұйымдастырмақ. Содан кейін 5 жыл өткенде Эр-Рияд 2034 жылғы Азия ойындарын қабылдайды.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: ҚаржыСауд АрабиясыСпорт
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

14.11.2026
Йемендік “Ражум” дроны: Сауд Арабиясы қолдайтын күштерге қарсы қолданылған  жаңа қару

Йемендік “Ражум” дроны: Сауд Арабиясы қолдайтын күштерге қарсы қолданылған жаңа қару

29.10.2026
Сауд Арабиясы мұнай қорын Сингапурдың жерасты қоймаларында сақтауды жоспарлап отыр

Сауд Арабиясы мұнай қорын Сингапурдың жерасты қоймаларында сақтауды жоспарлап отыр

27.10.2026
Хуситтер Эр-Риядтағы Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына соққы жасады

Хуситтер Эр-Риядтағы Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына соққы жасады

23.10.2026
Хуситтер Сауд Арабиясының Typhoon жойғыш ұшағын атып түсірді

Хуситтер Сауд Арабиясының Typhoon жойғыш ұшағын атып түсірді

15.10.2026
Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығысты тоқтатуға болады

Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығысты тоқтатуға болады

14.10.2026
Сирия Сауд Арабиясына көмектесуі мүмкін

Сирия Сауд Арабиясына көмектесуі мүмкін

10.10.2026
Иран Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын

Иран Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын

05.10.2026
Франция Сауд Арабиясына мұнай нысандарын қорғау үшін әскер мен қорғаныс жүйелерін жібереді

Франция Сауд Арабиясына мұнай нысандарын қорғау үшін әскер мен қорғаныс жүйелерін жібереді

26.09.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Путин Қырғызстанға ресми сапармен келеді

Путин Қырғызстанға ресми сапармен келеді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.