Ресей Президенті Владимир Путин Қырғызстанға ресми сапармен келеді.
Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбакиев мәлім етті.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен ағымдағы жылдың 12 қазанында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин осы елге ресми сапармен келеді.
«Алдағы сапар аясында Мемлекет басшысы мен Президент Владимир Путиннің екіжақты келіссөздері жоспарланған.
Екі ел басшылары екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшыларының Канттағы ҰҚШҰ әуе базасының ашылуының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысуы жоспарлануда», — деді Мұратбек Әзімбакиев.



















