АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин кеше, жұма күні Израильге премьер-министр Биньямин Нетаньяху және Израиль қорғаныс министрі Йоав Галантпен кездесу үшін келді.
Associated Press хабарлауынша, Пентагон басшысы сондай-ақ Израильдің америкалық қару-жарақ пен басқа да шұғыл көмекті қалай басқаратынымен танысады.
Израиль шенеуніктерімен келіссөздер барысында Остин Хамас шабуылынан кейін Израильге қолдау білдіретін болады.
Бұл Остиннің Пентагон басшысы ретінде Израильге үшінші сапары.
АҚШ Қорғаныс министрі екі күн ішінде Израильге барған екінші жоғары лауазымды американдық шенеунік болды.
Бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Израильге келген болатын.



















