Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев жұбайымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша Қытай астанасының халықаралық әуежайында мемлекет басшысын Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ван Сянси және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мәртебелі қонақтардың құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл жасақталды.
17-18 қазандағы сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөздер және басқа да екіжақты кездесулер жоспарланған.













