Сарапшылар Таяу Шығыстағы соғыс ең алдымен, мұнай бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін деп санайды.
Израиль-Хамас соғысы жүйелі түрде экономикаға теріс әсер етуі мүмкін. Оның салдарынан инфляция өседі.
Бұл соғыс Таяу Шығыстағы ірі шикізат экпорттаушыларға таралып, дүниежүзілік нарыққа мұнай мен газ тасымалдауға кері әсер етуі мүмкін. Әзірге ондай әсер байқалмайды. Дегенмен, кейбір сарапшылар мен нарық бақылаушылары қақтығыс шиеленіссе, бұл мәселеде бірнеше үлкен қиындық туындауы мүмкін екенін болжап отыр.
Біріншіден, Хамастың Израильге шабуылына Теһранның қатысы бар болса, АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін. Бұның нәтижесінде, онсыз да мұнай тапшылығын сезініп отырған энергетикалық нарықтағы жағдай одан әрі нашарламақ. Ал Иран Америкаға жауап ретінде ОПЕК-тегі көршілерінің Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспорттауына тосқауыл қоюы ғажап емес.
Екіншіден, Вашингтон Сауд Арабиясы мен Израиль қатынастарын қалпына келтіргеннен кейін Саудияда мұнай өндірісі артады деген жоспар жүзеге аспай қалады деген болжам бар.
7 қазанда Хамас Израильге тосын шабуыл жасағаннан кейін Brent маркалы мұнай баррелі бірден 5 долларға қымбаттап, 90 доллардан асып кетті.
Сарапшылар мен сала мамандары жағдайдың 1973 жылғы мұнай дағдарысынан өзгеше екенін мойындап отыр. Ол кезде Сауд Арабиясы «Ақирет күні» соғысы кезінде Израильді қолдаған елдерге мұнай эмбаргосын жариялап, бағаның шарықтауына себеп болды.
Сауд Арабиясы мен Ресей 2023 жылдың соңына дейін өндірісті қысқартып, мұнай бағасын қыркүйек айының соңында 10 айлық максимумға дейін көтеріп жіберді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық энергетика жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Дэвид Голдвиннің айтуынша, соғыстан гөрі іргелі факторлар бағаның үлкен драйвері болып қала береді.
Tortoise Capital компаниясының өкілі Роб Таммелдің пікірінше, әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтетін Ормуз бұғазында Иранның немесе кез келген елдің әрекетінен тасымал тоқтаған жағдайда ғана мұнай бағасы айтарлықтай көтерілмек.
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс қаржы нарықтары үшін өсіп келе жатқан геосаяси тәуекелдерге назар аудартады. Ең алдымен, инвесторлар болып жатқан қақтығысқа сол аймақтағы басқа елдерінің қатынасуынан сескенеді. Себебі, мұның салдарынан мұнай бағасы өседі. Бұл бүкіл әлемде инфляцияны тудыруы мүмкін және жаһандық экономикаға әсер етуі мүмкін, деп жазады Reuters.
Жағдай қазірдің өзінде 1973 жылы болған Қиямет күніндегі соғыспен салыстырылды. Естеріңізде болса, аталмыш қақтығыс мұнай дағдарысы мен батыстағы ең терең рецессияны тудырған.
Тель-Авив қор биржасының TA-35 индексі жексенбіде 3,58%-ға төмендеді, бұл 2021 жылдың ортасынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Елдегі оқиғаларға банктердің акциялары қатты әсер етеді, бұл сектор өткен аптада 12,3% жоғалтты.
Марракеште ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің басқарушы органдарының жыл сайынғы көшпелі жиналысы өтті. Отырыс барысында әлемдік экономиканы қалпына келтіру тұрақсыз болып қалатыны атап өтілді, деп жазады Reuters.
ХВҚ болжамы бойынша 2023 жылы әлемдік ЖІӨ өсімі 3% -. құрайды, бұл соңғы екі онжылдықтағы орташа жылдық қарқыннан (3,8%) айтарлықтай төмен. Инфляция жоғары деңгейде қалады (2023 жылы 6,8%, 2026 жылға қарай 4% дейін төмендейді), ал жаһандық мемлекеттік қарыз деңгейі 90% жетеді.
Негізгі тәуекелдер ретінде ХВҚ әлемдік экономиканың жалғасып жатқан фрагментациясын атады. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан бастап енгізілетін сауда шектеулерінің саны он есе өсті. Сонымен қатар, жоғары пайыздық мөлшерлемелер кейбір қарыз алушыларды қауіпті жағдайға душар етеді, деп ескертті ХВҚ өзінің «жаһандық қаржылық тұрақтылық туралы есебінде».
Қор сарапшыларының бағалауы бойынша, егер мөлшерлемелер ұзақ уақыт бойы жоғары болып қалса, әлемдегі банктердің 5%-ы қиын жағдайға тап болады. атап айтқанда, банктердің 30%-ы, тіпті әлемдегі ең ірі банктер де, әлемдік экономиканың төменгі өсу кезеңінен зардап шегуі мүмкін.



















