Санкт-Петербургте Он үшінші халықаралық газ форумы (SIGF-2023) жұмысын бастады.
Anadolu агенттігінің хабарлауы бойынша 31 қазанда басталған газ саласындағы әлемдік маңызды оқиғалардың бірі Санкт-Петербургтегі Экспофорум алаңында өтеді.
Форум барысында мұнай-газ секторымен байланысты ресейлік және халықаралық компаниялар өз әзірлемелерін көрсетеді және 19 тақырыптық бағыт бойынша конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер сияқты әртүрлі форматтағы 80-ге жуық іс-шара өтеді.
Форумға 500-ден астам компания қатысатынын растады.
Сонымен қатар, форумның көрме бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасы, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Италия және Беларусь Республикасы компанияларының стендтері де қойылады.
Форум 3 қарашада аяқталады.



















