Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Иран Ислам Республикасының Түркіменстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Моджтаба Рузбеханиді қабылдады.
Сұхбат барысында екі халықтың өзара сыйластық, өзара сенім, рухани туыстық қарым-қатынасы мен ежелден келе жатқан тату көршілік дәстүрлерінің берік іргетасына құрылған көп жылғы диалогтың өнімділігі атап өтілді.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың басымды мәселелері талқыланды. Беделді халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Иран Түркіменстанның аймақтағы маңызды серіктестерінің бірі болып қала беретіні айтылды. Сонымен бірге, әңгімелесушілер отын-энергетика, көлік-коммуникация, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы сындарлы байланыстарды тереңдетуге дайын екендіктерін растады. Бұл тұрғыда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Түркіменстан-Иран үкіметаралық комиссиясы ерекше орын алады.
Түркіменстан-Иран қарым-қатынасының негізгі бағыттарының бірі екі халықтың ортақ тарихи, мәдени және рухани дәстүрлеріне негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық болып табылады.
















