Мәскеуде Ресей және Иранның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров және Хосейн Абдоллахиан санкцияға қарсы тұру және оның теріс әсерін жою жөнінде декларацияға қол қойды.
Ресей Сыртқы істер министрінің айтуынша, аталмыш құжат екі елге заңсыз шектеулермен күресті күшейтуге мүмкіндік береді.
Ресей мен Иранның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі екі елдің Президенттері Владимир Путин мен Ибраһим Раисидің келіссөздері қарсаңында өтті.
Иранға, атап айтқанда, оның ядролық бағдарламасына байланысты қатаң санкциялар қолданылуда, ал Ресейге қатысты батыстық санкциялар Қырымды аннексиялауға байланысты енгізіліп, Украинаға Ресей әскері толық басып кіргеннен кейін күшейтілді.
Айта кетсек, бұған дейін 7 желтоқсанда Мәскеуге Иран президенті Ибраһим Раисидің сапары жөнінде eurasiatoday.ru сайтында хабарланды.



















