Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселесін талқылады.
Қырғызстан мен Тәжікстанның үкімет делегацияларының тең төрағасы Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов 12 желтоқсан күні Баткен қаласында кездесіп, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында 2023 жылы екі елдің үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық және құқықтық жұмыс топтарының атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралды.
Кездесу нәтижесінде Ташиев пен Ятимов арнайы мәлімдеме жасап, қырғыз-тәжік шекарасының 90 пайызы мақұлданғанын білдірді.
Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 желтоқсанда Баткеннің Ақсай ауылындағы жаңа мектептің ашылуында сөйлеген сөзінде, 2024 жылдың жазына дейін Тәжікстанмен шекара мәселесін толық шешетінін айтқан болатын.
Дереккөзі: АА.com.tr


















