«Йалда» түні немесе «Челле» түні — Ирандағы ең көне мерекелердің бірі.
«Йалда» сөзі суриани тілінен алынған, «туу» деген мағына береді. «Йалда» түнінен кейінгі қыстың бірінші күні күн біртіндеп ұзарып, түн қысқара бастайды.
Ирандықтар «Йалда» түні мейрамын ерекше бағалайды. Бұл түні Иран халқы көз ілмей, күннің шығуын күтіп, ертегішілердің қиссаларын тыңдайды, «Шаһнама» дастандарын жырлайды, Хафиздің ғазалдарын оқып, соның негізінде жорамал жасайды.
Жеміс-жидек, әсіресе анар мен қарбыз жейді, тәтті-дәмдімен шай ішіп, түнді таңға жалғайды.











Discussion about this post