Ресейлік БАҚ дерегі бойынша, Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Ресеймен стратегиялық серіктестікті жандандыру мақсатында Мәскеуге бес күндік ресми сапармен келеді.
Үндістанның Сыртқы істер министрі сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары — Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесіп, экономикалық әріптестік мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, Субраманьям Джайшанкар ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен екіжақты, көпжақты және халықаралық мәселелерді талқылау мақсатында кездеседі.
Тараптар биыл өткізілуі тиіс болған Ресей-Үндістан саммитін 2024 жылы өткізу туралы мәселені талқылайды.
Субраманьям Джайшанкардың Ресейге сапары 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Ол осы сапарында Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі іс-шараларға, соның ішінде тең төраға ретінде үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысына қатысады.



















