Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты Иранмен экстрадиция туралы халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының ресми сайтының мәліметінше, Өзбекстан мен Иран арасында қылмысқа қарсы күрес мәселесіне қатысты отырыс өтті.
Сенат отырысында Өзбекстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тұтқындарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң қаралып, мақұлданды.
Бұл келісім шартқа бұған дейін 2023 жылы 18 маусымда Шавкат Мирзиеевтің Иранға ресми сапары барысында қол қойылған.
Енді келісім шартты ратификациялау негізінде қылмыскер деп табылып, бас бостандығынан айырылған Өзбекстан мен Иран азаматтарының сот тағайындаған жазасын өз елінде өтеу және тұтқындармен алмасу саласында екіжақты ынтымақтастық орнату мүмкіндігі орын алады.
Сенаторлар мақұлдаған құжатқа сәйкес екі елдің құзырлы органдары арасындағы қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігі арта түседі деп күтілуде.
Айта кетсек, бұған дейін, 2024 жылдың басында Өзбекстан Италиямен тұтқындарды беру туралы шартты ратификациялады.


















