Түркіменстанның Қатар Мемлекетіндегі Елшісі М.Сейтмәмедов 2024 жылғы 31 қаңтарда Катар Мемлекетінің Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының бірінші орынбасары Мохаммед бен Ахмед Тавар Әл Куваримен кездесті.
ТР СІМ баспаөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесу барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан қарым-қатынасқа қарамастан, сауда байланысының әлеуеті мен ресурстары зор екенін атап өтті. Осыған орай кездесуде Түркіменстан-Қатар бизнес форумының кезекті отырысын өткізуге қатысты мәселелер көтерілді.
Түркіменстан мен Қатар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылы қараша айында орнатылды.



















