Америкалық журналист Такер Карлсон Қатар мен Сауд Арабиясында жарылыстар ұйымдастырмақ болған “Моссад” агенттерінің ұсталғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы танымал америкалық журналист Такер Карлсон өзінің “The Tucker Carlson Show” бағдарламасында айтты.
Карлсонның айтуы бойынша, Израиль Парсы шығанағы елдерін өздеріне бәсекелес ретінде көретіндіктен оларға нұқсан келтіруге тырысады. Журналисттің пікірінше, Израиль бұл мақсатқа бейберекеттік пен тұрақсыздық тудыру арқылы қол жеткізбек.
Такер Карлсон: “Өткен түні Қатар мен Сауд Арабиясының билігі осы елдердің аумағында жарылыстар жасауды жоспарлаған “Моссад” агенттерін қолға түсірді”,- деді.
Сондай-ақ, Карлсон: “Израильдіктер неліктен Иран тарапынан да шабуылға ұшыраған Парсы шығанағындағы екі елде жарылыс ұйымдастырмақ болды?” деген сұрақ қойды.
Америкалық журналистің пікірінше, Израиль Иран, Қатар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман және Кувейтке зиян тигізуді қалайды және оны жүзеге асырып та үлгерді.
Сенбі, 28 ақпан күні таңертең Израиль мен АҚШ Иранға қарсы бірлескен шабуыл жасады. Шабуыл Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер үдерісі жүріп жатқан тұста орын алды.
Бұған жауап ретінде Иран тек Израильге ғана емес, сонымен қатар америкалық әскери базалар орналасқан аймақтағы бірқатар елдегі, соның ішінде Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейндегі нақты нысандарға соққы берді.



















