Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қытайдың «Джэньминь жибао» газетінде жарияланған мақаласында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дәуірлер бойы даму процесі қамтылған.
Жуырда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қытайдың мемлекеттік «Жэньминь жибао» («Халық газеті») атты бас газетінде «Өзбекстан-Қытай: мыңдаған жылдарды қамтитын достық пен ынтымақтастық» атты көлемді мақаласы жарық көрді.
Мақалада қытай мен өзбек халқының сан ғасырлық тарихи, мәдени, саяси байланыстары туралы айтылып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дәуірлер бойы даму процесі қамтылған.
Мирзиеевтің мақаласында екі елдің егемендігі, аумақтық тұтастығы, тату көршілік қағидаттарын сақтау, өз даму жолын таңдауды құрметтеу, мәдени және өркениеттік бірегейлік сияқты түбегейлі мүдделеріне қатысты мәселелерде бір-бірін табанды түрде қолдайтыны айтылған.
Өзбекстан Президенті қаңтар айының соңында Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған болатын. Кездесуде Өзбекстан мен Қытай Президентінің көп жақты келісімдер мен құжаттарға қол қойғаны хабарланды.
«Жэньминь жибао» – қытай, орыс, ағылшын, жапон, француз, испан, араб, моңғол, тибет, ұйғыр, қазақ, корей, насо және чжуан тілдерінде шығатын әлемдегі жетекші, Қытайдағы ең ықпалды газеттердің бірі.



















