Жексенбі, 11 ақпан күні Ислам Революциясы жеңісінің 45 жыл толуына орай Иранның түкпір-түкпірінде шерулер өтті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша Иранның әртүрлі қаласында көптеген адамдардың қатысуымен жаппай шерулер өтті.
Мәліметтерге қарағанда, шерулер Иранның 1400 қаласы мен 38 000 ауылында Теһран уақытымен таңғы сағат 9:30-да басталған.
Иран астанасы Теһран қаласындағы шеруге Иран президенті Ибраһим Раиси және мемлекеттік және әскери шенеуніктер қатысты.
Сондай-ақ, жексенбі күні Революцияның 45 жылдығына байланысты өткен шерулерге балалар, жасөспірімдер мен жастар да белсене қатысты.
Осы күні Теһрандағы «Азади» мұнарасында әскерилер ұлттық әнұран орындап, Иран армиясының тікұшақтарынан гүл шоқтарын ұшырды.
Биылғы жылғы шерудің басты ерекшелігі -Иранның барлық облыс орталықтарында 1357 оқушыдан тұратын топтардың әнұранды орындауы болды.
Шеруде балалар мен жасөспірімдердің әндері мен көркем бағдарламалары рәсімге ерекше кеңістік сыйлады.
Шеруде Ислам Революциясына арнап салған балалардың суреттері Ислам Революциясы жеңісінің мерейтойын тойлауда баршаға ерекше әсер қалдырды.

















