Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров БАӘ-інде өтіп жатқан Дүниежүзілік үкіметтер саммиті аясында БАӘ вице-президенті, Дубай мэрі Мухаммад бен Рашид Әл Мактуммен кездесті.
Кездесу барысында Қырғызстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.
Дубай мэрі Жапаровтың осы жолғы сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтар елдер арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Садыр Жапаров өз кезегінде Қырғызстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық белсенділіктің жанданғанын атап өтті.
Жапаров бұл сапарға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, шейх Мухаммад бин Заед Ал Нахайянның шақыруымен 12 ақпанда барған болатын.
Сапар аясында Қырғызстан Президентінің Біріккен Араб Әмірліктерінің лауазымды тұлғаларымен кездесіп, мемлекетаралық келісімдерге қол қойғаны хабарланды.



















