Ирак премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Судани ақпанның 16 күні Мюнхен қауіпсіздік саммиті аясында АҚШ вице-президенті Камала Харриспен жеке кездесуінде Ирактағы шетелдік күштерді шығару қажеттігін баса айтты.
Ирак премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Мұхаммад Шиа әл-Судани Мюнхен қауіпсіздік саммиті аясында Джо Байденнің орынбасараы Камал Харриспен кездесіп, сөйлесті.
Мұхаммад Шиа әл-Судани Камала Харриске «халықаралық коалиция» деп аталатын күштердің миссиясын аяқтау үшін Біріккен жоғары комитет арқылы келіссөздерді жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Еске салайық, 2024 жылдың қаңтар айының соңында әл-Судани мәлімдеме жасап, ДАИШ тобы (Қазақстан аумағында белсенділігіне тыйым салынған лаңкестік ұйым) Иракқа бұдан былай қауіп төндірмейтінін, республиканың қарулы күштері қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін толығымен өз мойнына алуға дайын екенін баса айтқан болатын.
Әл-Судани бұл мәлімдемені америкалықтар Бағдадқа жасаған әуе шабуылында «Харакат ан-Нужаба» әскери тобының қолбасшысы, дала командирі Муштак әл-Джавари өлтірілген күннің ертеңінде жасады.
Америкалық әскер 2011 жылы Ирактан шығарылғанымен, кейін лаңкестікке қарсы күреске көмектесу үшін осы елге қайта оралған болатын.
АҚШ пен оның коалициялық серіктестері Иракта 2014 жылдан бері ДАИШ-қа (Қазақстан аумағында белсенділігіне тыйым салынған лаңкестік ұйым) қарсы күрес жүргізіп отыр.
Деректерге сәйкес, қазір Иракта АҚШ-тың шамамен 2,5 мың әскері бар. Олар Ирак сарбаздарын лаңкестік топтармен күресуге жаттықтыруда.
Ақ Үйдің хабарлауынша Мюнхен қауіпсіздік саммиті аясында АҚШ Вице-президенті Камелла Хэррис Ирак премьер-министрімен кездесуінде Ирак үкіметін АҚШ персоналына қарсы шабуылдардың алдын алуға шақырып, премьер-министрдің осы уақытқа дейінгі күш-жігеріне ризашылығын білдірді.
Ол Америка Құрама Штаттарының АҚШ персоналының қауіпсіздігінен жоғары басымдылығы жоқ екенін және қажет болған жағдайда өзін-өзі қорғау үшін әрекет ететінін мәлімдеді.
Қалай болғанда да, АҚШ пен халықаралық коалиция күштері Иракта әзірге тұрақтылық орната алған жоқ.














