Ресейлік танымал оппозиционер Алексей Навальный 2024 жылы 16 ақпанда колонияда кенеттен қайтыс болды.
Бұл туралы Ресей федералдық қылмыстық атқару қызметінің аймақтық департаменті ресми сайтында хабарлады.
Ресми мәліметте: «2024 жылғы 16 ақпанда No3 түзеу колониясында сотталған Навальный А.А. серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалды.
Дереу мекеменің медицина қызметкерлері келіп, жедел медициналық бригада шақырылды.
Барлық қажетті реанимациялық шара жүргізілгенімен оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталуда» деп жазылған.
Навальныйға алаяқтық және тағы басқа бірқатар айып тағылып, 19 жылға сотталған болатын.
Жазасын Ямало-Ненецк автономиялық округінің Харп ауылындағы ИК-3 ерекше режимдегі колонияда өтеп жатты.
Навальныйдың жақын таныстары мен соңғы күндері байланыста болғандар оның дені сау, ахлақтық тұрғыдан да тұрақты, өзін әдеттегідей ұстағанын айтады.
BBC Russian қызметінің мәліметі бойынша Навальныйдың анасы Людмила Навальная баласын колонияда ақпанның 12-сі күні көргенін, кездескенін, оның тірі, дені сау, көңілді болғанын, көңіл айтуды естігісі келмейтінін айтқан.
47 жастағы Навальныйдың өлімі әлемде кең ауқымды пікір қалыптастырды. Көптеген саясаткерлер Навальныйды Ресей билігі өлтірді деп айыптауда.












