Кеше, 22 ақпан күні Иранның Экономика және қаржы министрі Эхсан Хандузи мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийарто кездесті.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше, бейсенбі күні Иран Ислам Республикасы мен Мажарстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 4-ші жыл сайынғы бірлескен комиссия отырысы Теһранда Espinas қонақ үйінде өтті.
Иранның Экономика және қаржы министрі Эхсан Хандузи іс-шара барысында Мажарстанмен қарым-қатынасты дамыту Ислам Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, Эхсан Хандузи Иран халқының венгр халқына деген қоғамдық пікірі әрқашан оң көзқараста екенін атап өтті.
Иран мен Мажарстанның бірлескен комиссия отырысында экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы төрт меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 4-ші бірлескен комиссия отырысы аясында екі елдің жеке сектор өкілдерінің бизнес форумы өтті.


















