БАӘ-нің әскери делегациясы Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің тарихымен танысты.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша БАӘ Қарулы күштері әскери институты стратегиялық ғылымдар басқармасының бастығы бригадалық генерал Халифа Мұхаммед Сәлем Әл Кааби елінің әскери делегациясын бастап, Астанаға келді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери делегациясы сапар барысында Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.
Шетелдік қонақтар университеттің оқу-материалдық базасымен танысып, Біріккен Араб Әмірліктерінің аудиториясында болды.
БАӘ әскери институтының оқытушылары Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары мен ҚР Қарулы күштері Бас штабы Аумақтық қорғаныс департаментінің әскери қызметшілері үшін мемлекеттің аумақтық қорғанысын ұйымдастыру мәселелері бойынша дәріс өткізді.
Сапар барысында шетелдік делегация Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайда болып, Қазақстан Қарулы күштерінің тарихымен танысты.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.



















