Колумбия Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған шараларды дереу тоқтатуға шақырды.
Колумбия Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газада атысты тоқтату туралы қарарына қатысты Колумбия президенті Густаво Петро ұстанымын бұрмалаған Израиль Сыртқы істер министрінің мәлімдемесіне жауап беріп, Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған шаралар дереу тоқтатылуы керек екенін алға тартты.
Евразия Тудейдің EFE агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Колумбия Сыртқы істер министрлігі Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кацтың мәлімдемесіне жауап беріп, Густаво Петроның Газадағы атысты тоқтату туралы қарарға білдірген ұстанымын бұрмалаудың қажеті жоқ екенін атады.
Мәлімдемеде «Колумбия Сыртқы істер министрлігі Израиль Сыртқы істер министрлігінің Газа секторында атысты дереу тоқтату жөніндегі Қауіпсіздік кеңестің қабылдаған 2728 қарарына байланысты Колумбия ұстанымына қатысты жасаған мәлімдемесін үзілді-кесілді жоққа шығарады» деп жазылған.
Сондай-ақ, Колумбия Үкіметі бұл атысты ұзақ уақытқа тоқтатуға, гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуге, бейбіт тұрғындарды қорғауға және кепілге алынғандарды босатуға себебін тигізетін Қауіпсіздік кеңестің Рамазан айында атысты дереу тоқтатуға шақыру туралы қарарын қолдайтынын мәлімдеді.
Густаво Петро бұған дейін Израиль БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ратификациялаған Газадағы атысты тоқтату жөніндегі қарарын орындамаса, Израильмен байланыста болған елдер дипломатиялық қарым-қатынасты үзуі керек деп ескерткен болатын.
Бұл ретте Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац Колумбия президентін Хамасты қолдады деп айыптады.
Колумбия Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған әрекеттер дереу тоқтатылуы керектігін алға тартты.
Колумбия халықаралық құқықты құрметтеуге шақыруды жалғастыратынын және халықаралық гуманитарлық пен адам құқығының бұзылуын тікелей айыптайтынын мәлімдеді.
Колумбия Сыртқы істер министрлігі осы елдің лаңкестерге қатысты ұстанымы бұрмалануының алдын алуға шақырды. Министрлік Колумбия ұстанымын лаңкестерді қолдау ретінде бұрмалаудың қажеті жоқ екенін атап, Қауіпсіздік кеңес қабылдаған қарардағы жарғылар мен халықаралық қоғамдастық ережелерін сақтауға шақырды.
Израильдің Газа секторына басып кіруінен кейінгі Густаво Петроның шешуші ұстанымы Колумбия мен Израиль арасындағы дипломатиялық шиеленісті күшейте түсті.
Колумбия президенті Израильдің Газа секторына жасаған шабуылын бірнеше мәрте сынға алып, әлемнің осы аймағында болып жатқан оқиғаларды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Холокостамен салыстырды.
Палестинаның арманын бөліскен Густаво Петро бірнеше рет Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға шақырды.
29 ақпан күні Колумбия президенті гуманитарлық көмек көрсету кезінде палестиналық босқындардың қаза табуынан кейін Израильден қару-жарақ сатып алу жөніндегі келісімдерді тоқтатты.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қақтығыстар Колумбияның басқыншы елден елшісін шақыртып алуына себеп болды.



















