Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ашылуына арналған іс-шаралар 28-29 наурыз күндері өтеді.
Евразия Тудейдің ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша 28 наурыз күні Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ресми ашылуы өтті.
Кеше іс-шараның алғашқы күнінде Қазақстан мен Қытайдың туристік және инвестициялық форумы өтті. Форумға Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ли мен ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.
Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде Қазақстанның туристік әлеуетінің зор екенін қуаттап, «2024 жыл — Қытайда Қазақстанның туризм жылы» болып жариялануы екі ел арасында достық қарым-қатынасты өршітуге ықпал ететінін атады.
Сонымен қатар форумда «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов сөз сөйлеп, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы туралы толық мағлұмат берді.
Қайрат Сәдуақасов биылғы жылға жоспарланған іс-шараларды таныстырып өтті.
Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде қонақтар Қазақстанның барлық аймағының әсем жерлерімен жақынырақ танысты.
Форум қорытындысы бойынша екі ел арасында бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Бүгін 29 наурыз, іс-шараның екінші күні де бірқатар мәдени іс-шара өтеді.



















