Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік хатшысы Әли Акбар Ахмадианмен кездесуде Израильдің Иран консулдығына жасаған шабуылын қатаң айыптады.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Астана қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он тоғызыншы кездесуі аясында ИРИ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамаск қаласындағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды қатаң айыптап, ирандық кеңесшілердің осы шабуыл салдарынан қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтық мәселелерін, соның ішінде қауіпсіздік, барлау және қорғаныс салаларындағы мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Сонымен қатар тараптар Ұлттық қауіпсіздік кеңестерінің тығыз байланысын жалғастыруға уағдаласты.
2-3 сәуір күндері Астанада Қазақстан тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 19-шы кездесуі өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының жиырмасыншы кездесуі 2025 жылы Қытай Халық Республикасында өтеді.



















