Иранның әйелдер құрамасы отырып ойнайтын пара волейболдан Германия командасынан басым түсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қытайдың Дали қаласында өтіп жатқан Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу жарысында Иранның әйелдер құрамасы кеше, дүйсенбі күні Германия құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен ұтты.
Бұған дейін Иранның әйелдер құрамасы отырып ойнайтын пара волейболдан Жапония мен Тайланд құрамаларын жеңген болатын.
Иранның ұлттық құрамасы бүгін, сейсенбі күні Украина командасымен кездеседі. Лицензиялық жарыста жеңген команда Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алады.
Айта кетейік, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары 2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Париж қаласында өтеді. Іс шараға әлемнің 184 елінен келген спортшылар қатысады. Жарыста 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойнатылады.


















