ТМД елдерінің III ойындары 2025 жылы Әзірбайжанда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді.
Джейхун Байрамовтың айтуы бойынша, 2025 жылы ТМД елдерінің ІІІ ойындары осы елдің екінші үлкен қаласы Гянджа қаласында ашық форматта өтеді.
Бұған дейін Әзірбайжан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Азер Алиев елінде 2025 жылы ТМД елдерінің III ойындары өтетінін айтқан болатын.
ТМД елдерінің ойындары 2026 жылы Қазақстанның Алматы қаласында өтеді.
ТМД елдерінің II ойындары Беларусьта 2023 жылдың 4-14 тамызы аралығында өтті. Онда 13 елден келген спортшылар 20 спорт түрінен 246 медаль жиынтығын сарапқа салды.
«Минск-Аренада» өткен II ТМД елдері ойындарының жабылу салтанатында ТМД жалауы Әзірбайжанға табысталды.



















