АҚШ Палестинаға БҰҰ-на толық мүшелік мәртебесін беру туралы қарарына вето қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ жұма күні таңертең БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Палестинаның БҰҰ-на толық мүшелігін қамтамасыз етуге шақырған Алжир ұсынған қарарға вето қойды.
Бұған дейін АҚШ бұл қарарға вето қоятынын мәлімдеген болатын.
Қарардың қабылдануы Палестина мемлекетінің мойындалуын білдіреді.
АҚШ-тың Палестинаның БҰҰ-на мүшелігіне «қарсы» дауыс беру үшін басқа елдерге қысым көрсетуге тырысқаны туралы ақпараттар да жарияланды.
Қауіпсіздік кеңесінің 12 мүшесі Палестинаны толық мүше мемлекет ретінде қабылдауға дауыс берді. Ұлыбритания мен Швейцария қалыс қалды.
Бұл — Газа секторындағы соғыс басталғаннан бері Израильді қолдауға бағытталған АҚШ-тың төртінші ветосы.
Палестина автономиясы АҚШ-тың бұл әрекеті мен қарсылығын айыптап, бұны «әділетсіз әрі құрметсіздік» деп сипаттады.
Израиль Сыртқы істер министрі АҚШ-тың әрекетін құптап, 7 қазанда Палестинаның қарсыласу операциясынан кейін Палестина мемлекетін тану туралы ұсынысты «лаңкестер үшін сыйлық» деп атады.
АҚШ-тың ветосынан кейін Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя Вашингтонның Газа секторында, Батыс жағалауда және Шығыс Иерусалимде болып жатқан қайғылы оқиғаларға көз жұмғанын айтты.
Ол сондай-ақ, АҚШ-тың қадамын «тарихтың еріксіз кезеңін тоқтатуға тырысқан үмітсіз әрекеті» деп сипаттады.
Ирландия Сыртқы істер министрі АҚШ-тың әрекетіне көңілі қалғанын білдіріп: «Палестинаның әлем елдері арасында лайықты орнын алатын кезі келді», — деді.
Палестинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі елінің тағдырын «ымыраға келу, кешіктіру немесе тоқтата тұру» деп анықтайтын құқығын қабылдамайтынын атап өтті.
Зиад Әбу Амр Израильді Палестина халқын, оның өркениеті мен мәдениетін жоюға тырысқан отаршыл держава деп атады.
Алжирдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Аммар Бенджаме Палестинаның БҰҰ-на мүшелігіне толық дауыс бермеуді «өте ұят және үлкен әрі кешірілмейтін қателік» деп сипаттады.


















