Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның ядролық бағдарламасына қатысты диалогқа бұрынғысынша берік екенін және жақын арада Теһранға баратынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси «Иранның ядролық бағдарламасына қатысты белгісіздік көп» деген уәж айтып, жақын арада Теһранға баратынын мәлімдеді.
Гросси: «Иранның атом бомбасын жасау үшін қажет байытылған уранға қол жеткізуіне айлар емес, апталар қалды» деп мәлімдеп: «Бұл Иранның ядролық қаруы бар немесе осы уақыт ішінде Иран ядролық қару жасай алады дегенді білдірмейді» деді.
Оның айтуынша, уранды қару-жарақ өндіруге жақын деңгейде байыту алаңдатарлық болғанымен, Иранның ядролық қаруы бар деп тікелей қорытынды жасауға болмайды.
Гросси Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қауесеттер туралы уәждерді қайталап: «Иранның ядролық бағдарламасының мақсаттары екіұшты» деді.
Бұл мәлімдемелер мен уәждер АҚШ-тың Иранның жан-жақты ядролық бағдарламасынан біржақты шығып, еуропалық тараптардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 резолюциясы алдындағы міндеттемелерін орындаудағы сылбырлығынан кейін 2 жыл өткен соң Иран АҚХА бақылауымен осы келісімде теңгерім орнауы үшін қадамдар жасаған кезде айтылып отыр.
АҚХА Бас директоры сонымен қатар «Агенттік қажет санаған мөлшерде Иранның ядролық нысандарына қолжетімділікке ие емес» деп агенттікке Иранның ядролық нысандарына көбірек қолжетімділікті арттыруға мүдделік танытты. Ол: «Ирандағы әріптестеріме сан рет айтқам, тағы да айтамын. Бұл жұмыста белгісіздіктер бар. Мұнымен қоса, біз қажет санайтын қолжетімділік пен бақылаудан кендеміз» деді.
Ол сондай-ақ, Иран мен сионистік режим арасындағы шиеленістің күшеюіне де тоқталып, ядролық нысандарға жасалуы ықтимал шабуылдың кез келген түрін айыптап: «Ядролық нысандарға шабуыл жасауға мүлдем тыйым салынады» деді.
Агенттіктің бас директоры былай деді: «Мені қызықтыратын мәселе – біздің арамыздағы диалог. Агенттік пен Иран арасында көптеген мәселе анықталуы қажет. Сондықтан мен жақын арада Тегеранға баруды жоспарлап отырмын».
Сөзінің соңында ол ирандықтарға айтар сөзін мәлімдеп, оларға агенттікпен көбірек ынтымақтасуға кеңес берді.



















