Тегеран Америка Құрама Штаттарымен келіссөздер форматын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тегеран әзірге Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіспеушіліктер бойынша Вашингтонмен жүргізілетін келіссөздердің форматын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Исмаил Бақайи: “Әзірге біз ядролық мәселеге байланысты Америка Құрама Штаттарымен жүргізілетін келіссөздер форматы мен келіссөздер тобы мүшелерінің рөлдерін өзгертуді жоспарлап отырған жоқпыз”, -деді.
Айта кетейік, 6 ақпан күні Иран мен АҚШ делегациялары Масқатта Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізді. Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи, америкалық тарапты Президент Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф басқарды.

















