Иранның вице-президенті және Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Ислами байытылған уран қорының сыртқа шығарылмайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Ислами байытылған уран қорының сыртқа шығарылуы туралы ақпаратты жоққа шығарып, мұндай ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.
Ислами Ираннан байытылған уранды сыртқа шығару мәселесі Масқатта өткен соңғы келіссөздің күн тәртібіне енбегенін атап айтты.
Ол бұл әңгімелерді қысым жасаушы топтардың таратқан алып-сатарлық әрекеттері деп атап, мұндай ұсыныстар үшінші елдер тарапынан айтылған күннің өзінде, Тегеран оларды талқыламағанын жеткізді.
Атом энергиясы ұйымының басшысы уранды 60 пайыздан төмен деңгейге дейін байыту мүмкіндігін жоққа шығармады.
Исламидің айтуы бойынша, Иран билігі АҚШ санкциялары толығымен алынған жағдайда уран қорларын байыту деңгейін 60 пайызға дейін төмендетуді қарастыруға дайын.
Ислами: “Бұл олардың барлық санкцияны алып тастауына байланысты”,- деді.
Атом энергиясы ұйымының басшысы сөзінің жалғасында Иранның Агенттікпен кепілдіктер туралы келісім аясында ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Исламидің сөзінше, Агенттіктің инспекторлары шабуылдардан зардап шекпеген ядролық нысандарды аралап шыққан және алдағы күндері олар қалған нысандарға баруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Ислами бейбіт атомды пайдалану құқығы Иран халқының ажырамас құқығы екенін баса айтып, АҚХА жарғысына сәйкес, Агенттік барлық елде бейбіт ядролық технологияларды дамытуға қолдау көрсетуге және жәрдемдесуге міндетті, әрі мұнда күш заңы қолданылмайтынын баса айтты.


















