Мысыр билігі Израиль әскерінің Газа секторындағы Рафах қаласына шабуылы тоқтатылмаса, Кэмп-Дэвид келісімінің күші жойылатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Еуразия Тудей Maariv басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Мысыр билігі АҚШ тарапынан Израильдің Рафахтағы операцияларын тоқтатып, маңызды келіссөздерге қайта оралу үшін қысым көрсетуі керектігі жөнінде АҚШ барлау басқармасының директоры Уильям Бернсті хабардар еткен.
Каир мұндай жағдай орын алмаса, Израильмен 1978 жылы жасалған Кэмп-Дэвид келісімін тоқтатуда шаралар қабылдайтынын хабарлады.
Израильдік басылымның хабарына қарағанда Мысыр бұқаралық ақпарат құралдарының үндеуі қатаң әрі олардың бұл келісімнің күшін жоюды талап етуі сионистік режимнің жоғары лауазымды тұлғаларының мысырлық әріптестерімен байланыс орнатуына итермелеген.
Сонымен қатар басылым Газа секторында соғыс басталғалы бері алғаш рет Мысыр гуманитарлық жүк көліктері жүргізушілерінен осы елдің шекарасындағы Рафах бақылау-өткізу пунктін эвакуациялауды сұрағанын және ол жерде шекаралық аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейту жалғасып жатқанын жазды.



















