Иран Ислам Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы құрлық күштерінің алғашқы бірлескен оқу-жаттығуы Арас аймағын тазарту және лаңкестікпен күресу мақсатында өтті.
Еуразия Тудейдің ISNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы құрлық күштері зияткерлік әскери бағдарламаны ұсыну мақсатында және әртүрлі операциялық тактикаларды қолдану арқылы атыс, тікұшақ, ұшқышсыз ұшақ және артиллериялық қолдаумен бірге бір мезгілде ортақ жаттығу өткізді. Жаттығуда сонымен қатар террористік күштер мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұру, екі елдің қарулы күштері арасында терең әскери байланыс орнату және ортақ жаулармен күресу мақсаты да көзделді.
Бакудегі Иран елшілігі былай деп хабарлады: «Бұл Иран Ислам Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының Арас аймағындағы лаңкестікпен күресу және тазарту мақсатындағы бірінші бірлескен оқу-жаттығуы. Болашақта осындай іс-шараны екі елдің шекарасында кеңірек масштабта өткізу жоспарланған».












