Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (Ұйым) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша 2024 жылғы 21 маусымда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (Ұйым) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен өтеді.
Отырыс барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ұйымға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасының басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысын талқылау жоспарланған.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған құжаттарға қол қою, сондай-ақ бірқатар саяси мәлімдемелер қабылданады деп күтілуде.
















