БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Кэтрин Рассел Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласында Израильдің жаңа қылмысы салдарынан көптеген балалардың қайтыс болғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел өткен аптада Газа секторындағы балалар тағы бір қатыгез қылмыстың құрбаны болғанын тілге тиек етіп, олардың көпшілігі Хан Юнистегі қылмыс салдарынан қаза тапқанын айтты.
Кэтрин Рассел Газа секторындағы палестиналықтар үйлері мен тұрып жатқан жерлерін бірнеше рет тастап кетуге мәжбүр болғанын, бүгінде Газада олар жасырынатын қауіпсіз жер қалмағанын атап өтті.
Халықаралық қылмыстық соттың бұрынғы прокуроры Луис Морено Окампо кеше, жексенбі күні Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Хан Юнистегі Израильдің жуырдағы қылмысына жауап ретінде сионистік режимді жауапқа тартудың құқықтық және халықаралық механизмін құру қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, Окампо Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтың батысындағы әл-Мавасидегі әрекетін «әскери қылмыс» деп атап, бұл оқиғаны дереу тергеу керектігін қуаттады.




















