Кеше, 22 шілде күні Каспий теңізінде Ресей мен Иранның бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталды.
Еуразия Тудейдің Mehr агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, шара барысында әскери-теңіз күштері өрт сөндіру, құтқару операциялары және зардап шеккендерді тікұшақпен жеткізу секілді жаттығулар жүргізеді.
Иранның ресми өкілі Аббас Хасанидың айтуы бойынша, жаттығу Иранның бастамасымен бірінші рет өткізіліп отыр.
Сонымен қатар Аббас Хасани шараның алғашқы күні Иран мен Ресей әскери-теңіз күштері сауда кемесіндегі өртті сөндіру және зардап шеккендерді құтқару бойынша жаттығуларды пысықталғанын айтты.
Оқу-жаттығулар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және қатысушы елдердің іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге дайындығын арттыруға бағытталған. Әскери-теңіз жаттығуына қатысушы елдер арасында Иран, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан және Әзірбайжан бар және олардың әрқайсысы өзінің бірегей мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бұл жаттығуларға әртүрлі ирандық кемелер, соның ішінде Paykan, Joshan, Derafsh және Separ зымыран қайықтары, сондай-ақ AB 212 екі тікұшағы мен «Шаһид Басир» Ислам революциясы Сақшылар корпусының әскери-теңіз бөлімшесі қатысуда.


















