АҚШ вице-президенті, алдағы президенттікке үміткер Камала Харристың сайлауалды алғашқы видеосы жарияланды.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Камала Харристың бір минуттық видеосында қару-жарақ, түсік жасату құқығы және медициналық сақтандыру жөнінде айтылған.
Видеоның басты тақырыбы бостандыққа арналған. Камала Харрис «бостандық» сөзін он екі рет қолданып, қару-жараққа қатысты зорлық-зомбылықтан бостандыққа шақырды.
Сонымен қатар ол адам өз тәнінің иесі екенін еске салып, бірде-бір бала кедейшілікте өмір сүрмейтін, әрқайсысы медициналық көмек ала алатын болашақты таңдайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, Камала Харрис президенттікке үміткер ретінде сөйлеген алғашқы сөзінде Дональд Трампты жеңуге уәде берді.




















