Ресейлік жоғары оқу орындарында оқитын елдер тізімінде Қазақстан студенттері көш бастап тұр.
Еуразия Тудейдің Телеграмдағы Геостатистика арнасындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша өткен оқу жылында Ресейде 54 мыңға жуық қазақстандық студент білім алды.
Өзбекстан екінші орында. Бұл елден 53 мыңнан астам студент оқуға келген. Түркіменстан 39 мыңнан астам студентімен үшінші орында.
Үздік бестікке сондай-ақ, Тәжікстан 29 мыңға жуық студентімен, Беларусь 12 мыңға жуық студентімен кірді. Бұл туралы Ресей ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында хабарланды.
2024-2025 оқу жылына қабылдау науқаны кезінде Ресейдің жоғары оқу орындарына 1 миллионнан астам талапкер 2,8 миллионнан астам өтініш берді.

















