«Росатомның» бас директоры Алексей Лихачев журналистерге Үндістан және Қытаймен бейбіт ядролық жобалар мен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, Азияның басқа елдерімен атом өнеркәсібін дамыту туралы келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев қазіргі таңда үндістандық серіктестерімен бейбіт ядролық жобалардың жаңа пакеті туралы келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Лихачев Шығыс экономикалық форумы аясында журналистерге Қытаймен ынтымақтастықты дамытудың алдағы жоспарлары туралы: «Біздің Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасты одан әрі дамыту бойынша жоспарларымыз бар», — деді.
Қазіргі уақытта «Росатом» Қытайда екі атом электр станциясын салуда. «Тяньвань» АЭС-тің жетінші блогын іске қосу 2026 жылға, сегізінші блокты іске қосу 2027 жылға жоспарланған.
«Сюйдапу» атом электр станциясының екі энергоблогы 2028 жылы іске қосылады. «Росатом» бас директоры сонымен қатар Таиландпен, Филиппинмен және Мьянмамен атом өнеркәсібін құру бойынша бейбіт атом энергетикасы жобалары бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.
Айта кетейік, сейсенбі, қыркүйектің 3 күні басталған Шығыс экономикалық форум отырысы 6 қыркүйекке дейін жалғасады. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы — Ресей Федерациясының жетекші көпбейінді өнеркәсіптік холдингі.



















