Газаның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, бейсенбі күні сионистік режим басқыншылығы құрбандарының саны 41 118-ге дейін өскенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Газа соғысының 342-ші күні қаза тапқан газалықтар саны 41 118-ге дейін жетті.
Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі бүгін Газа секторында қаза тапқандар саны туралы мәлімдеме жасап: «Сионистік режим соңғы 24 сағат ішінде Газа секторында үш әскери қылмыс жасап, 34 адамды өлтіріп, тағы 96 адамды жарақаттады», -деді.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 41 118-ге, ал жараланғандардың саны 95 125-ке жеткен. Сонымен қатар Газа Денсаулық сақтау министрлігі палестиналықтардың әлі де үйінділердің астында және көшелерде қалғанын, сионистік режим оларға көмек көрсетуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.
Cионистік режимнің ХАМАС қозғалысын жою және сионистік тұтқындарды қайтару мақсатында Газа секторының тұрғындарына қарсы 11 айдан астам уақытқа созылған соғысы өз мақсатына жеткен жоқ.



















