Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев 12 қыркүйекте Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ішкі істер министрі Али Йерликай және осы елдің Ұлттық барлау қызметінің директоры Ибрагим Калиннен тұратын делегациясын қабылдады.
Кездесуде Өзбекстан Президентінің үстіміздегі жылғы 6-7 маусымдағы Түркияға ресми сапарының келісімдерін жүзеге асыру аясында жан-жақты стратегиялық серіктестіктің өзбек-түрік қарым-қатынасрын одан әрі нығайту және көп қырлы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жобаларын ілгерілету мәселелері талқыланды. Заманауи сын-қатерлер мен қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге және бірлескен іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы аймақтық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу болды.

















