Ресейде тұратын Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары 2024 жылғы 6 қазанда еліміздің Елшілігінде Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Республикалық Референдумда дауыс бере алады.
Еуразия Тудейдің Ресейдегі Қазақстан елшілігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары Мәскеуден басқа Рессейдегі елдің Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 7:00-ден түнгі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.
Осы мәліметке сәйкес, сайлау учаскесіне келген кезде Қазақстан Республикасы азаматының өзімен бірге паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін Мәскеудегі сайлаушылардан өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Ресей Федерациясындағы тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы) referendum.moscow@mfa.kz электронды поштасына алдын ала жіберуді сұрағаны жазылған.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесі жөніндегі Республикалық Референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді.












