Шығыстанушы Владимир Белов Иран мен Ресей елдерін жаңа әлемдік қозғалыстың жетекшілері деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің шығыстану және ирантану кафедрасының профессоры Владимир Белов IRNA агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Батыс Азия пен әлемдегі қазіргі жағдайда Иран мен Ресей президенттерінің алғашқы кездесуінің маңызы қандай?
Батыс Азиядағы шиеленіскен жағдай жалғасуда. Израильдің Бейрутқа жасаған соққыларынан кейінгі соғыс бүкіл Ливанға қауіп төндіріп, аймақтың болашағы барған сайын бұлыңғырлана түсті. Осы дағдарыс жағдайында 2024 жылдың 11 қазан күні Түркіменстан астанасы Ашхабадта Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның бірінші кездесуі өтті. Тараптар 2024 жылдың 22-24 қазан күндері Қазанда өтетін 16-шы БРИКС саммитіне дейін «сағат теңестірді».
Бұл саммит Иранның толық қатысушы ретіндегі алғашқы саммиті болмақ. Саммиттің ұраны – «Әділ жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту».
Екі елдің көшбасшылары Иран мен Ресейдің халықаралық аренада ұқсас принциптерді басшылыққа алатынын және әлемде болып жатқан оқиғаларға баға беруде де көбінесе өте жақын, тіпті сәйкес екенін айтты.
Бұл кездесу америкалық біржақтылыққа қарсы тұру үшін екі ел арасындағы байланысты нығайтуға көмектесе ала ма?
Владимир Путин Түркіменстан астанасында «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде бүкіл әлемді қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдегі өзара іс-қимыл параметрлері бойынша барынша кең халықаралық пікірталас пен жаңа әлемдік жүйе құру мәселелерін талқылауға шақырды.
Ресей Президентінің баяндамасында атап өтілгендей, әлем халықаралық қатынас жаһандық түбегейлі өзгерістер дәуіріне қадам басқан кезде бүкіл планетаның әртүрлілігін көрсететін жаңа әлемдік жүйе қалыптасқан кезде өркениеттік күйреуден, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстардан туындаған бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерге тап болып отыр.
Жаһандық Шығыстағы және жаһандық Оңтүстіктегі жаңа қуатты өсу орталықтары егемендік пен әлеуметтік-мәдени бірегейлікті сақтап, нығайтуға ұмтылуда, өздерінің дәстүрлеріне сәйкес және ұлттық мүдделерге негізделген үйлесімді даму жолдарын іздейді, игілікті неғұрлым әділ бөлуді және халықаралық өмірді дәйекті демократияландыруды жақтайды. Бұл қозғалыстың жетекшілері – Ресей мен Иран.
Иран мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы ең басты мақсат — басымдықтарды белгілеу. Иран мен Ресей қарым-қатынасын Иран Президенті Масуд Пезешкиан шынайы деп бағалады. Бұл бағалау Иран мен Ресей арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.
Ресей Президенті Владимир Путин атап өткендей, Иранмен қарым-қатынас біз үшін басым сипатқа ие және ол өте сәтті дамып келеді. Иран Президенті елінің рухани жетекшісі Әли Хаменеидің ұстанымына ерекше тоқталып: «Ислам революциясының рухани жетекшісінің ерік-жігерін ескеріп, қарым-қатынасымыз күн санап жақсарып, нығаюы керек»,-деді.
















