ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады.
Еуразия Тудейдің Телеграмдағы Сенат арнасындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша құжат Вьетнамда сотталып, түрмеге жабылған қазақстандық азаматтарға жазасын елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады.
Соңғы 5 жылда 160-қа жуық қазақстандық жазасын өтеу үшін қайтарылды.
900 адам басқа елдерде жазасын өтеп жатыр. Қазақстан жазасын өз елдерінде одан әрі өтеу үшін 192 шетел азаматын экстрадициялау туралы өтінішті мақұлдады.
Қазақстан қазірдің өзінде Әзірбайжан, Украина, Түрікменстан, Қытай, Испания, Түркия, Италия, Венгрия, Румыния, Үндістан, Иран, Сербия, Сауд Арабиясы, Литва, Иордания, Моңғолия, Бразилия, БАӘ, Корея Республикасы, Болгария, Солтүстік Македония, Өзбекстан, Кипр сияқты 23 мемлекетпен осындай келісім жасаған.












