Он алты елден құралған топ БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігіне (UNRWA) қолдау білдірген мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 16 ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бірлескен мәлімдеме жасап, егер Израиль UNRWA қызметіне кедергі келтіретін жаңа заңдарды енгізсе, халықаралық құқықты ашық түрде бұзады деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдемені Алжир, Бельгия, Бразилия, Гайана, Индонезия, Ирландия, Иордания, Кувейт, Люксембург, Норвегия, Португалия, Қатар, Словения, Оңтүстік Африка Республикасы, Испания және Палестина елдерінің Үкіметтері жасады.
Жоғарыда аталған елдер мәлімдемеде Израильдің UNRWA қызметіне қарсы әрекеттері мен Израиль парламенті қабылдаған заңдарға өкініш білдірді.
Сондай-ақ, мәтінде Израильдің UNRWA қызметіне қарсы жаңа заңдар енгізу әрекеті Газа секторындағы UNRWA инфрақұрылымына негізделген барлық гуманитарлық шаралардың жойылуына әкелуі мүмкін екенін ескерткен.
Айта кетейік, Израиль парламенті Кнессет қазанның 28 күні UNRWA-ның Израильдегі қызметін тоқтату туралы жаңа заң жобасын мақұлдады.



















